Қауымдастық мүшелерінің қатарына жаңа қатысушы — «Алатау Сапа Құрылыс» ЖШС-ін қуана қарсы аламыз!
Компания қызметінің негізгі бағыттары:
• I жауапкершілік деңгейіндегі объектілерге техникалық қадағалау бойынша инженерлік қызметтер;
• құрылыс жобаларын басқару;
• қаржылық-техникалық консалтинг;
• ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеру.
Кәсіби ұйымдардың Қауымдастық құрамына қосылуы оның сараптамалық әлеуетін нығайтып, техникалық қадағалау саласының дамуына ықпал етеді және ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға жаңа мүмкіндіктер ашады.