Бүгін 2019 жылы құрылған және техникалық қадағалау, техникалық тексеру, инженерлік-техникалық жобалау және объектілерге кешенді қызмет көрсету бағыттарында маманданған «Технология Качества» ЖШС-ін таныстырамыз.
Компания Қазақстанның барлық аумағында жұмыс істейді және еліміздің әртүрлі өңірлерінде жобаларды іске асыру тәжірибесіне ие. Компанияның артықшылықтарының қатарында инженерлер мен жобалаушылардан құралған кәсіби команда, BIM-модельдеу және цифрлық шешімдерді қолдану, сондай-ақ мамандардың тиісті аттестаттары мен лицензияларының болуы бар.
«Технология Качества» ЖШС-ін Ассоциация құрамында қарсы аламыз. Сәтті жобалар, кәсіби даму және жемісті ынтымақтастық тілейміз.