Ассоциация қатарын толықтырған жаңа мүшеміз — «ServicePro Construction» ЖШС-ін қуана қарсы аламыз.
Компания құрылыс саласында инжинирингтік қызметтер көрсетеді, оның ішінде:
• объектілердің құрылысына, реконструкциясына және күрделі жөндеуіне техникалық қадағалау жүргізу;
• құрылыс жобаларын кешенді сүйемелдеу;
• құрылыс консалтингі және Тапсырыс берушіні техникалық сүйемелдеу;
• жобалық-сметалық құжаттаманы талдау;
• мемлекеттік сатып алуларды сүйемелдеу және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау.
Компания мамандары тұрғын үй және азаматтық құрылыс объектілерін, инженерлік инфрақұрылымды, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін, автомобиль жолдары мен өнеркәсіптік объектілерді сүйемелдеуде практикалық тәжірибеге ие.
«ServicePro Construction» ЖШС-ін Ассоциация құрамында қарсы ала отырып, табысты ынтымақтастық, кәсіби даму және жаңа жобаларды сәтті жүзеге асыруды тілейміз.