2026 жылғы 22 тамызда «Инжиниринг және техникалық қадағалау саласындағы СРО-ны дамыту перспективалары» тақырыбында фасилитациялық сессия өтті.
Іс-шара құрылыс саласының, инжинирингтік компаниялардың және кәсіби қауымдастықтың өкілдерін біріктіріп, өзін-өзі реттеу жүйесін одан әрі дамыту мәселелері бойынша ашық пікір алмасуға мүмкіндік берді.
Қатысушылардың практикалық өзара іс-қимылына, топтық талқылауларға, пікірталастарға және бірлескен жұмыс нәтижелерін таныстыруға ерекше назар аударылды.
Фасилитациялық сессия пікір алмасу, ұсыныстар әзірлеу және Қазақстандағы инжиниринг, техникалық қадағалау және СРО жүйесін дамытуға бағытталған нақты шешімдерді іздеу алаңына айналды.
Барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны, сындарлы диалогы және саланы дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.