Кәсіби қауымдастығымыздың жаңа мүшесі — «Engineering Services» ЖШС компаниясын таныстырамыз.
Компания инженерлік және техникалық қызметтер саласында жұмыс істеп, құрылыс саласының дамуына және жобаларды іске асыру сапасын арттыруға өз үлесін қосып келеді.
Жаңа мүшелердің қатарымызға қосылуы Қауымдастықтың сараптамалық әлеуетін нығайтып, кәсіби өзара іс-қимыл мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.