«КАТНУП» ӨӨБ өкілдері Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасының жеке қабылдауына қатысты.

2026 жылғы 19 қарашада «КАТНУП» өзін-өзі реттейтін ұйымының өкілдері Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бахытжан Мұратұлы Жүнісбековтің жеке қабылдауына қатысты.

Кездесу барысында тараптар құрылыстағы техникалық қадағалау саласын дамытуға қатысты өзекті мәселелерді қарастырып, сарапшылар қызметіндегі жүйелі проблемалық аспектілерді талқылады және саланы одан әрі жетілдіру жолдарын белгіледі.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастыруға және көтерілген мәселелерді бірлесіп пысықтауға өзара мүдделілік танытты. Алдағы өзара іс-қимыл кәсіби қоғамдастықты дамытуға, техникалық қадағалауды жүзеге асыру тәсілдерін жетілдіруге, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен нарық қатысушылары арасындағы сындарлы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді деп күтілуде.

«КАТНУП» ӨӨБ кәсіби қоғамдастықтың мүдделерін қорғау, мамандардың құзыреттілігін арттыру және салалық бастамаларды ілгерілету бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастыруда.