2025 жылғы 12 желтоқсанда Ассоциация мен аккредиттелген сараптамалық ұйымдардың Ұлттық бірлестігі «Сараптамалық ұйымдар палатасы» арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

2025 жылғы 12 желтоқсанда Ассоциация мен аккредиттелген сараптамалық ұйымдардың Ұлттық бірлестігі «Сараптамалық ұйымдар палатасы» арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.


Келісім аясында өзара іс-қимылдың келесі негізгі бағыттары айқындалды:

• құрылыс саласындағы өзін-өзі реттеу институтын дамыту;

• сарапшыларды аттестаттау және олардың кәсіби бағалау жүйесін жетілдіру;

• бірлескен іс-шараларды (дөңгелек үстелдер, конференциялар, семинарлар) ұйымдастыру және өткізу;

• құрылыс процесінде жобалық қателерді анықтау және талдау;

• сараптамалық және әдістемелік тәжірибе алмасу.


Сондай-ақ, 2026 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеу көзделген,

ол сараптамалық қауымдастықты жүйелі дамытуға және құрылыс жобаларын іске асыру сапасын арттыруға бағытталған.